Маркетинг және қоғаммен байланыс департаменті

Маркетинг және қоғаммен байланыс департаменті «Astana IT University» ЖШС құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Білім және ғылым министрлігінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Astana IT University басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын басшылыққа алады.

Маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің негізгі мақсаты — университет брендін қалыптастыруға оң әсер ететін маркетингтік және кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру. Жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және оқуға түсушілермен тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

Департаменттің функциялары

  • Ресми веб-сайт, әлеуметтік беттер және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы университет қызметін жариялау
  • Имидждік және кәсіптік бағдарлау жұмысы шеңберінде маркетингтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
  • Университеттің іс-шаралары мен қызметі туралы жұртшылықты уақтылы хабардар ету үшін БАҚ-пен, қоғамдық ұйымдармен және басқа да арналармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
  • Қазақстанның барлық өңірлерінде университеттің танымалдылық деңгейін арттыру
  • Университет пен оның бөлімшелерінің қызметі туралы презентациялар, бейнероликтер, баспа және өзге де имидждік өнімдер жасау
  • Департаменттің міндетіне сәйкес, сондай-ақ серіктестіктің органдары, басшылығы және ішкі нормативтік құжаттары айқындайтын өзге де функциялар

Департамент құрылымы

Жанай Темирлан Талгатович
Директор

Email: temirlan.zhanay@astanait.edu.kz
Room: C1.2.337

Әбдікерім Сұлушаш Ерланқызы
Бас менеджер

Email: sulushash.abdikerim@astanait.edu.kz
Room: C1.2.336

Жүнісов Нұржан Жұмабайұлы
Digital-маркетолог

Email: nurzhan.zhunussov@astanait.edu.kz
Room: C1.2.336

Темір Балжан Мадиярқызы
Медиа басқарушы

Email: b.temir@astanait.edu.kz
Room: C1.2.336

Қанатбеков Еламан Айбекұлы
Фотограф және видеомейкер

Room: C1.2.336

Ақтана Аяжан Қанатқызы
SMM-менеджер

Room: C1.2.336

Касенбеков Шахмардан Нариманович
Дизайнер

Room: C1.2.336