ІТ-бейіндегі мамандарды даярлаудың инновациялық тәсілдері негізінде білім беру мазмұнын жетілдіру
Құрылған сәттен бастап екі жыл ішінде колледж елорданың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының рейтингінде жетекші орынға ие болды

«Информатика» мамандығы бойынша бакалавр, М.О. Әуезов атындағы Семей университеті, 2005 ж
Техника ғылымдарының магистрі, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, 2021 ж
X Халықаралық олимпиадаға оқушыларды дайындағаны және белсенділігі үшін ұйымдастыру комитетінің төрағасы Zafer Вikkenoglu-дың алғыс хаты (2018 ж. қараша, Түркия, Анталья)
WorldSkills Kazan 2019 – WorldSkills Juniors үшін жоғары баға бергені және қатысқаны үшін сертификат (2019 ж. тамыз, Қазан)
«Өскелең ұрпаққа білім беру және оны тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін» Ы. Алтынсарин төсбелгісі (2020 ж. қыркүйек)
WorldSkills Kazakhstan – 2022 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізуде WorldSkills қозғалысын дамытуға көмегі үшін ҚР ОМ А.К. Аймағанбетовтың алғыс хаты


Ауыспайтын даму қағидаттарын ұстанған колледж оқытушылары өз студенттеріне де үлгі көрсетуде. Педагогикалық ұжым диалогқа, тәжірибе алмасуға дайын, халықаралық, республикалық, қалалық конференцияларға, байқауларға белсенді қатысады. Мәселен, қалалық инновациялық жұмыстар байқауында біздің мамандар бірінші және үшінші орынға ие болды.
AstanaHub-тан білім беру гранттарын 3 оқытушы жеңіп алды. «Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында олар жасаған баяндама үздік болды. Колледж оқытушылары сонымен қатар WorldSkills өңірлік, республикалық чемпионаттарының сарапшылары болып табылады. Астана әкімдігінің әдістемелік орталығымен бірлесіп «WorldSkills International халықаралық старттарына Competitor дайындаудың негізгі аспектілері» және т.б. семинарлар өткізілді.
Колледж оқытушылары республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді
қатысады, отандық және халықаралық басылымдарда мақалалар жариялайды.

Колледж студенті болғысы келетіндердің саны жыл
сайын артып келеді. Нәтижесінде колледжде оқитын
студенттердің сандық көрсеткіші де өсті.
Студенттер қалалық, республикалық, халықаралық
деңгейдегі байқауларға, олимпиадаларға, спорттық
жарыстарға белсенді қатысады, онда үнемі беделді
марапаттарға ие болады.
