Astana IT University мүмкіндіктерді кеңейтеді

Astana IT University — Қазақстанның озық түлектері таңдаған дарынды жастарға арналған жоғары оқу орны. Биыл әрбір талапкер өздері өтінім білдірген даярлау бағыттары мен білім беру бағдарламалары топтары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын жалпы конкурста жеңу арқылы бізге оқуға түсе алатынын қуанышпен хабарлаймыз. Университеттің инновациялық оқу бағдарламаларына түскен талапкерлер Қазақстанның сандық тарихының бір бөлігіне айналу мүмкіндігіне ие болады.

Ағымдағы жылы Astana IT University ҰБТ балдары бойынша ғана емес ағылшын тілін, сондай-ақ  компьютерлік ғылым мен логиканы меңгеру деңгейін анықтайтын «AITU Excellence Test» қабылдау емтиханының нәтижелері арқылы талапкерлерді қабылдайды. «AITU Excellence Test» емтиханы маусым, шілде және тамыз айларында Университетте және еліміздің барлық өңірінде орналасқан  Ustudy орталықтарында өтуде. Бүгінгі күні аталған емтиханды 2021 жылы мектеп бітірген 2500 дарынды азамат мүдірмей тапсырып үлгерді. Сіз де асығыңыз!

Университет соңғы екі жыл бойы IT мамандарды мынадай мамандықтар бойынша ағылшын тілінде даярлауды жүзеге асырып келеді: Computer Science, Software Engineering, Big Data Analysis, Media Technologies, Industrial Automation, Cyber security, Telecommunication Systems, IT-management және Digital Journalism. Осы мамандықтар бойынша 1800 студент білім алуда. Оқыту IT компанияларының практикалық міндеттерін есепке алумен жобалық тәсілдің озық әдістері мен технологиялары негізінде жүзеге асырылады.

2021 жылдан бастап 5G және IoT инфрақұрылымын қоса алғанда Smart жүйелерді жобалау мен басқаруға арналған Smart Technologies және IT Entrepreneurship жаңа оқу бағдарламаларына қабылдау басталды. Сонымен қатар, аталған оқу бағдарламалары IT компанияларын ашу мен бизнесті басқару бойынша заманауи орнықты кәсіпкерлікті құзыреттерді жасақтайды.  

Колледж түлектері үшін қысқартылған біріктірілген бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндік жасалған. Бұл – олар кәсіби біліктілік пен дағдыларға толы сапалы біліммен еңбек нарығына шығады деген сөз. 

Сонымен қатар, Astana IT University жасанды интеллект, үлкен деректер және цифрлық трансформациялану саласында кәсіби білім беруге бағытталған Applied data analytics и Digital MBA оқу бағдарламасы бойынша магистратураға қабылдауды бастады.

Елімізде алғаш рет University Alliance of Science and Technology бастамасы бойынша Astana IT University, ҚБТУ және UIB университтері арасында Smart city және FinTech бірлескен магистрлік бағдарламалары ашылды. Бұл – білім алушыға еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие алдыңғы қатарлы пәнаралық білім алуға мүмкіндік береді.  

 AITU кәсібін жаңа бастаушы жастар мен IT кәсіпқойларына арналған вендорлар серификаттаған мамандандырылған курстарды да ұсынады.

20 маусымнан бастап Astana IT University оқу бағдарламаларына талапкерлерден құжаттар қабылдау басталғанын естеріңізге саламыз. Ал, 7 шілдеге дейін талапкерлер Digital Journalism мамандығына түсу үшін шығармашылық емтихандарға тіркелуде.