Құрметті ғалымдар, оқытушылар, студенттер!
Авторлардың көптеген өтініштері бойынша, Astana IT University 2020 ж. 9-11 қыркүйек аралығында Astana IT University өтетін «2020 Smart Information Systems and Technologies» халықаралық конференциясына мақалаларды қабылдауды 2020 жылдың 14 маусымына дейін ұзартты.
Тематикалық бағыттар:
– Technology and Engineering Management
– IT in Education and Research
– Emerging Trends and Technologies in IT Application
– Data Science and Advanced Analytics
Мақалалар ағылшын тілінде қабылданады.
Толық ақпаратты конференцияның сайтынан таба аласыз: https://sist.astanait.edu.kz/.
Маңызды күндер:
Мақалаларды қабылдау: 14 маусым, 2020 жыл
Қатысуды растау: 9 шілде, 2020 жыл
Мақаланы өткізу күні (ескертулермен): 31 шілде, 2020 жыл
Бұл конференция Қазақстан университеттері арасындағы алғаш рет өткізіледі және Қазақстанның ғылыми қауымдастығындағы айтулы оқиғаға айналады, оған кәсіпкерлер, ғалымдар, зерттеушілер, жақын және алыс шетел IT-саласының әр түрлі салаларындағы студенттер мен мамандар қатысады. IEEE конференциясының материалдары Scopus және Web of Science ғылыми метрикалық деректер базасында индекстеледі.
Іс-шараға Германия, Австрия, Украина, Қазақстан, Канада, Қытай, Әзірбайжан, Португалия, Франция, Венгрия, Польша, Испания, Біріккен Араб Әмірліктері, Бельгия, Жапония, Литва, Түркия сияқты 17 елдің спикерлері мен қонақтары қатысады.