«Astana IT University» студенттері мен студенттік клубтарының арасында әскери кафедраның эмблемасын(логотип) әзірлеуге конкурс жарияланды.
Эмблеманың (логотип) эскизіне қойылатын талаптар:
- Эмблема (логотип) ассоциативті, заманауи, әскери құрамдас элементтерден тұру керек.
- Эмблеманың дизайны JPEG / GIF графикалық форматында 300×300 пиксель, өлшемі – 300 кб-ден аспауы қажет.
Өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2020 жылдың 25 мамырынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін қабылданады. Жұмыстар
конкурстың негізгі тақырыбына, сондай-ақ техникалық талаптарға нақты сәйкес қарауға қабылданады.
Өтінімдер мен конкурстық жұмыстар dsa@astanait.edu.kz электрондық мекен-жайда «Конкурс» деген белгімен қабылданады.