«BIRGEMIZ: TAZA ALEM» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы

Құрметті студенттер! Барлық еріктілерді сайысқа белсенді қатысуға шақырамыз.

Байқау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Birgemiz: Taza Álem» қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштар отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету жөніндегі жалпыұлттық жобаны іске асыру гранты аясында өткізіледі.

Байқау аясында өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 68 жеңімпаз анықталады.

Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:

• экологиялық ағарту жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар;

• көгалдандыру жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар;

•өзендер мен ормандарды тазалау жұмыстары бойынша волонтерлік

жобалар;

•халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру арқылы экологиялық құқық бұзушылықтар санын азайтуға ықпал ететін экопатруль- волонтерлерді дайындау бойынша волонтерлік жобалар;

• жануарларды қорғау жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар.

Өтініштер 23 мамырға дейін dsa@astanait.edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.