«BIRGEMIZ: ASYL МURA» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы

Құрметті студенттер! Барлық еріктілерді сайысқа белсенді қатысуға шақырамыз.

Байқау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Тарихи-мәдени нысандарды сақтау бойынша жобаларға волонтерлерді тарту бойынша «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру» гранты аясында өткізіледі.

Байқау аясында өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 68 жеңімпаз анықталады.

Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:

– археологиялық іздеу жұмыстарын жүргізу бойынша волонтерлік жобалар;

– ғылыми қалпына келтіру (реставрация) жұмыстарын жүргізу бойынша волонтерлік жобалар;

– тарихи-мәдени нысандарда мониторинг жүргізу бойынша волонтерлік жобалар;

– тарихи-мәдени орындарға волонтер-гидтер дайындау бойынша волонтерлік жобалар;

– тарихи-мәдени орындарды насихаттауға волонтерлерді тарту;

– материалды емес мәдени мұраны сақтау бойынша жобаларға волонтерлерді тарту.

Өтініштер 23 мамырға дейін dsa@astanait.edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады