Әл-Фараби философиясы-әлемдік өркениеттің негізі

Әл – Фарабидің 1150 – жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Astana IT University» – да «әл-Фараби еңбектеріндегі білім беру мен тәрбиелеу мәселелері» атты онлайн-семинар ұйымдастырылды.

Студент жастар үшін мерейтойлық жыл аясында Ұлы ата-бабалар мұрасын, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің идеяларын зерттеу және көпшілікке тарату бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Есқалиев Самат Аманкелдіұлының баяндамасы Әл-Фараби философиясын — әлемдік өркениеттің негізі ретінде ашып, ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми қызметінің негізгі кезеңдерін қозғады.

Онлайн-семинар жұмысы аясында университеттің оқытушылары мен студенттері сөз сөйледі, олардың әрқайсысы Әл-Фарабидің жеке тұлғасын және оның білім, өнер, ғылым саласына қосқан үлесін атап өтті.