2020 жылғы 13 мамырда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Astana IT University»-да «Абай мұрасындағы еңбек құндылықтары»тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинардың мақсаты-Ұлы Абайдың көп қырлы мәдени мұрасын зерттеу, жазушының үздік шығармаларын насихаттау, гуманизм, төзімділік және бейбітшілікті сақтау принциптерін тәрбиелеуге ықпал ету.
Онлайн-вебинарға университеттің 100-ден астам студенттері мен оқытушылары қатысты. Вебинар спикері тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Шаяхметов Нұрбек Уахапұлы қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасының маңыздылығы, оның Қазақстан халқының рухани дамуына қосқан баға жетпес үлесі туралы әңгімеледі.
Вебинардың қатысушылары бүгінгі күні Абайдың адам өміріндегі білім мен ғылымның маңыздылығы туралы дана өсиеттері, оның философиялық пайымдаулары – адамзат үшін ортақ гуманизм әліппесі, рухани даму мектебі ерекше маңызға ие екенін атап өтті.