«Scientific Journal of Astana IT University» ғылыми журналының алғашқы шығарылымы

Сіздерге университеттің «Scientific Journal of Astana IT University» халықаралық ғылыми журналының алғашқы шығарылымы туралы хабарлауға қуаныштымыз.

Ғылыми басылым ақпараттық қауіпсіздік, ИКТ, білім беру мен оқыту саласындағы ақпараттық технологиялар, басқару, әкімшілік, қаржы және экономика саласындағы ақпараттық технологиялар туралы мақалалар авторларына шығарылымға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ғылыми журналдың алғашқы баспасын https://sj.astanait.edu.kz/volume-1/ сайтынан таба аласыз.

Сіздерді мақалаларыңызды екінші басылымға жариялауға шақырамыз, толық ақпаратты ғылыми журналдың сайтында таба аласыз https://sj.astanait.edu.kz/.