Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауы туралы

Сәлем, студент!

Сенде қызықты және керемет ақпараттық технологиялар бойынша жоба бар  және ол туралы бүкіл ел білсін дейсің бе? Онда жыл сайын өтетін студенттердің республикалық ғылыми байқауына қатысуға өтініш бер!

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең – AITU-дағы ішкі іріктеу. Өтініштер мен презентациялар sholpan.borashova@astanait.edu.kz электрондық пошта арқылы 27.03.2020 ж. дейін қабылданады.

2 кезең – АИТУ-дың үздік жұмыстары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де әрі қарай таңдау үшін ұсынылады.

3 кезең – финалда үздік жобалар кездеседі. Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталары, сондай-ақ бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Leave a Reply