Astana IT University студенттеріне өткізілген қонақ дәрістер

Astana IT University студенттеріне әртүрлі үлкен компаниялардың өкілдерімен кездесулер жиі өткізіліп тұрады және қонақ дәрістер ұйымдастырылады. Мұндай кездесулердің мақсаты студенттердің тікелей тәжірибелі мамандармен қарым-қатынас жасап, олардың тәжірибесімен танысу, ақпарат алмасу.

2019 жылдың 19 қарашасында «Career Vision» орталығының аға психологы, мінез-құлық талдаушысы Даутова Жадыра қонақ дәріске шақырылды. Дәріс «Кемел адамның психологиялық аспектілері» тақырыбына арналды. Тақырып бойынша келесідей негізгі аспектілер қарастырылды: өз қажеттіліктерін сезіну; өз сезімдері туралы сөйлей білу; эмоцияларды білдіру; мәселені шешуде конструктивті қарау, өз іс-әрекеттері үшін өзіне жауапкершілікті қабылдау және сүю. Студенттерді пікірталасқа тарту арқылы кездесу қызықты өтті, аудиторияның сұрақтарына жауап берілді. Дәріс барысында айтылған ақпарат студенттерге өте пайдалы болды.

Университет студенттерінің кәсіби дағдыларын дамыту үшін 2020 жылдың 30 қаңтарында Big4 компаниясының маманы – «Ernst and Young» менеджері Есенбаева Алуа қонақ дәріске шақырылды. Шақырылған қонағымыз Big4 компаниясының IT департаментіндегі өз тәжірибесімен бөлісіп, еңбек нарығындағы IT мамандарға қойылатын талаптарды, қандай арнайы ІТ дағдыларын дамытуға назар аудару қажеттігі туралы пайдалы ақпараттарды айтты.

Студенттер шақырылған қонақтарға ынтымақтастықтары және олармен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Бұл формат білім алу мүмкіндігін кеңейтеді және студенттердің кәсіптік дағдыларына тікелей әсер етеді деп есептейміз.

Leave a Reply