«Қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелер – 2020» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 Құрметті әріптестер және ғалымдар!

Kazconf.com – ғылыми конференциялар порталы Ғылым қызметкерлері күніне орай «Қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелер – 2020» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференцияға барлық білім алушылар мен ғалымдарды шақырамыз.

Конференцияөтетін орны: «Bilim Innovations Group» орталығы,
Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан.

Конференция өткізу мерзімі: 13-14 сәуір 2020 ж.

Мақалаларды қабылдау: 2020 жылдың 12 сәуіріне дейін.

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, түрік және ағылшын.

Конференцияны өткізу түрі: қашықтықтан (онлайн).

Конференция шеңберінде келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:

  • Педагогика және білім беру;
  • Гуманитарлық ғылымдар;
  • Құқық қорғау, әскери іс және қауіпсіздік;
  • Жаратылыстану ғылымдары;
  • Әлеуметтік ғылымдар және экономика;
  • Өнертану ғылымдары;
  • Қызмет көрсету салалары;
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар;
  • Ауыл шаруашылығы ғылымдары.

Қатысу шарты:

Конференцияға қатысушылар kazconf.com порталындағы тіркеуден өтіп, баяндамасының электронды нұсқасын жіберу керек.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылып, қатысушыларға сертификат беріледі. Конференция жинағында жарияланған барлық мақалалар kazconf.com порталында электронды түрде орналастырылады.

Толық ақпаратты kazconf.com порталынан алуға болады.

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Leave a Reply