2020 жылы ақпан айының 22-сі мен 29-ыншы жұлдызы арасында Astana IT University-де студенттер арасында «IT CUP – 2020» – мини-футбол турнирі өтті. Турнирге 10 команда қатысты.
Турнир қатысушылары А және B болып екі топқа бөлінді, әр топта 5 команда болды. Командалар ойындарды айналым жүйесімен ойнап шықты. Жарыс ұйымдасқан, ширақ түрде және қызықты өтті.
Барлық қатысушылар сергектік қуат пен көтеріңкі көңіл-күй алды.
Жартылай финалда «Павлодар» және «Лимит» командалары кездесті. «Павлодар» командасы жеңіске жетіп, жүлделі 3 – орын алды. Алдыңғы кезеңдер нәтижесінде финалға «Cosa Nostra» және «Maklube» командалары шықты. Қызу да қызықты шайқаста «Cosa Nostra» командасы жеңіске жетті.
Ойындар соңында қатысушы командалар кубоктар және дипломдармен марапатталды.
«IT CUP – 2020» мини-футбол турнирі жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Алдағы уақытта сәттілік пен жеңіс тілейміз!