Волейболдан қыздар арасында өткізілген Турнир

2020 жылдың 10-16 ақпан аралығында Astana IT University қыздар арасында волейбол бойынша турнир өткізілді. Іс-шара университет қабырғасындағы Cyber Arena алаңында өтті. Турнирге 5 команда қатысты: «Treex», «Four-Tune», «Advisors Squad», «High five», «Fire», «The Highest».

Командалар екі топқа бөлінді. 10 ақпанда болған бірінші тур ойынының қорытындысы бойынша финалға «High five» командасы шықты. 11 ақпанда өткізілген екінші турда қалған үш команда жарысып, финалға «Fortune» қыздар командасы шықты.

Әр команданың қатысушылары бір-бірін қолдап, бірге шешім қабылдап, ұйымшылдықтарын көрсетті. Финалға өткен екі қарсылас та мықты командалар болды, бірақ финалдық ойын «High five» командасын жеңімпаз деп анықтады.

Барлық командаларға жанкүйерлер белсенді қолдау көрсетті. Қатысушылар арасында командалық рух биікте болды.

Студенттер өз уақытын белсенді және пайдалы өткізіп, жағымды көңіл-күй алды. Спорттық ойын салауатты өмір салтына үйретіп қана қоймай, ұйымшылдыққа үйретеді.

Leave a Reply