AITU Talent Show

2019 жылы 18 қазанда Astana IT University акт залында түрлі эмоцилар мен жаңа жұлдыздар жағылған «AITU Talent Show» өткізілді.

AITU Talent Show – бұл бірінші курс студенттерін шығармашылық үдеріске тарту үшін ұйымдастырылған байқау-конкурс, онда әрбір студент қабілетін шыңдап, өзін, өзінің талантын көпшілікке көрсете алады.

Байқаудың ұйымдастырушылары және қатысушыларының идеялық жағынан шабыттандырушылары Event Club және Phoenix студенттік клубтары болды! Байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші — іріктеу, екінші — қонақтардың қатысуымен Гала-концерт.

Іріктеу туры концерттік бағдарламаны ұсынды, онда студенттер би және вокалдық өнерде, көркем және авторлық сөзде, музыкалық аспаптарда ойнауда, КВН-да өз өнерлерін көрсетті. Гала-концертте үздік жарқын нөмірлер мен талантты қатысушылар өнер көрсетті, олар сахнаға шығып, көрермендерге қуаныш пен күлкі сыйлап, жан-жақтан жиналды.

Кешке шақырылған қонақтар «Xaxa Show», «Kagiris Twins» блогерлері, Бизнесті трансформациялау орталығының сәулет бағытының жетекшісі Сайлау Сұлтан aitu Talent Show номинанттарын марапаттады. Жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын – Шалқар Әлнұр, 2 орын – Әлібек Алуа, 3 орын – Көбентай Жәдігер.

Іс-шара соңында Astana IT University ректоры салтанатты түрде әр қатысушыға грамоталар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Барлығына сүйікті «AITU Talent Show» жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара болады.

Сілтеме: https://www.instagram.com/p/B3tLwM8Hnb7/

Leave a Reply