Бурабайға сапар

2019 жылдың 23 қыркүйегінде, Astana IT University оқытушылары мен студенттері Бурабай табиғи – курорттық аймағына саяхаттап, барлығы бірге қызықты демалыс уақытын өткізді.

Студенттердің көпшілігі еліміздің әр аймағынан университетке оқуға келген жігіттер мен қыздар болғандықтан студенттік ұжымға кіру және жаңа жағдайларға, жаңа тұрғылықты жерге және оқу орнына тез бейімделу ұзақ уақытты алады. Сондықтан студенттердің бір-бірімен жақынырақ танысып, жаңа ортаға тез бейімделу үшін Бурабайға сапар ұйымдастырылды.

Бұл сапар Қазақстанның ең әдемі жерлері – Оқжетпес тауы, Жұмбақтас Тауымен танысуға мүмкіндік болды. Сонымен қатар студенттер алаңда орналасқан Абылай ханның тағын, өзге де тарихи ескерткіштерді тамашалап, қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен жақын танысты. Студенттер бұл жерлерде алғаш рет болғандықтан, бұл сапар мәңгі есте қалмақ.

Сапар барысында қызықты ойындар және топтық жарыстар: футбол және волейбол өткізілді. Бейресми жағдайда оқытушылар мен студенттерді бірге жинап пикник ұйымдастырылды.

Осындай сапарлар студенттер мен оқытушылар арасындағы бірлікті сезінудің ең жақсы тәсілі. Студенттер бір-бірін жақсы танып, оқу жылын жағымды көңіл-күймен және жағымды естеліктермен бастауға мүмкіндік алды.

Студенттерге өте жақсы оқу мен қызықты студенттік өмір тілейміз!

Leave a Reply