Бағдарлы гранттың мемлекеттік білім беру грантынан айырмашылығы, олар белгілі бір жоғары оқу орындарына бөлінеді. Сондай-ақ, бағдарлы грант иегерлеріне стипендия беріледі.
Astana IT University-ге құжаттарды тапсыру кезінде талапкер Astana IT University білім гранттар конкурсы өткізу кезінде қалаған университеттер тізімінде бірінші болып таңдалуы тиіс
Грант ұтып алу үшін сізге 4 қарапайым қадам жасау керек:
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін онлайн өтініш беру туралы толығырақ.
Онлайн өтініш электрондық үкімет порталында беріледі Egov.kz.
«Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу» қызметін таңдайсыз (қызмет 2020 жылдың 7 шілдесіне дейін қолжетімді болады). Конкурсқа қатысуға өтініш беру үшін деректерді толтыруға көшіңіз. Сондай-ақ, өтініш беру үшін сізге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін ашу қажет.
Деректерді толтыру:
Барлық тармақтарды толтырғаннан кейін өтінімді жібересіз және мемлекеттік гранттар конкурсының нәтижелерін күтесіз.
Назар аударыңыз, грантқа өтініш тапсыру кезінде Astana IT University-ні қалаған университеттер тізімінде бірінші болып көрсету қажет! Бұл сіздің Astana IT University мемлекеттік мақсатты грантының иегері болу ықтималдығын арттырады.