Құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару департаменті

Департаменттің негізгі міндеті – «Astana IT University» ЖШС қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық іс жүргізу және есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету, персоналды басқару жүйесін дамыту.

Департамент құрылымы
Керімше Асқар Сапарымбетұлы
Директор

Электрондық пошта: Askar.Kerimshe@astanait.edu.kz
Кабинет: C1.3.30

Телефон нөмірі: +7 7172 64 57 04  (2033)

Қабылдау сағаттары:
Дүйсенбіден жұмаға дейін – 9:00 – 18:00

Бермагамбетова Гульсара Жараскановна
Жетекші маман

Электрондық пошта: Gulsara.Zharaskanovna@astanait.edu.kz
Кабинет: С1.3.32

Телефон нөмірі: +7 7172 64 57 04 (2016)

Қабылдау сағаттары:
Дүйсенбіден жұмаға дейін – 9:00 – 18:00

Кенебаева Бакыт Кайрошевна
Маман

Электрондық пошта: Bakyt.Kenebayeva@astanait.edu.kz
Кабинет: С1.3.32

Телефон нөмірі: +7 7172 64 57 04  (2015)

Қабылдау сағаттары:
Дүйсенбіден жұмаға дейін – 9:00 – 18:00

Департаменттің функциялары

1) AITU, оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

2) Сот және өзге де мемлекеттік органдарда AITU мүдделерін қорғау және білдіру;

3) AITU қызметінде қолданылатын сыртқы нормативтік құжаттарды есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз ету;

4) AITU әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды әзірлеуді, есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыру;

5) AITU нормативтік құқықтық актілерінің және шарттар мен шешімдер жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асыру;

6) Контрагенттер шарттық міндеттемелерін бұзған кезде оларға кінә қоюды дайындауды жүзеге асыру;

7) Контрагенттердің бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асыру;

8) Өз құзыреті шегінде AITU стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және іске асырылуын қамтамасыз етуге қатысу;

9) AITU кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз ету;

10) AITU-да бос лауазымдарға орналасуға конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

11) Персоналды іріктеуді регламенттейтін нормативтік актілерді әзірлеу және/немесе әзірлеуге қатысу;

12) AITU құрылымдық бөлімшелерінің ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

13) Қызметкерлерді ынталандыру, материалдық және материалдық емес ынталандыру қағидаларын әзірлеуге қатысады және/немесе әзірлейді және енгізеді, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін өзектендіруді жүргізеді және жетілдіреді;

14) AITU қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын әзірлеу және енгізу;

15) AITU қызметкерлерін оқытуды жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;

16) Персоналдың қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;

17) AITU-да персоналды басқару мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу;

18) Еңбек қатынастарына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

19) AITU қызметкерлерін қабылдауды, жұмыстан босатуды, ауыстыруды, демалыстарды ресімдеу, тәртіптік жазаларды және белгіленген басқа да қажетті кадрлық құжаттаманы қолдану;

20) AITU қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын толтыруды, сақтауды жүргізу;

21) AITU қызметкерінің еңбек қызметін растайтын құжаттарды дайындау және беру;

22) Демалыстар кестесін жасау және оның сақталуын бақылау;

23) Іссапарларды ресімдеу және есепке алуды жүргізу;

24) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытын есепке алуды қамтамасыз ету.