Ғалымдарды қолдау

Ғалымдарды қолдау

Оқыту сапасын арттыру, ғылымның өндіріспен тығыз байланысын қамтамасыз ету үшін университетке қоса атқарушылар ретінде философия докторлары (PhD) мен ғылым кандидаттары, тиісті салалардың мамандары шақырылады. AITU-дағы ғылыми зерттеулер университеттің білім беру бағдарламалары негізінде және ғылыми зертханаларда ұйымдастырылған.
Университеттің ғылыми қызметіне мониторинг жүргізу мақсатында ПОҚ оқытушының жеке жұмыс жоспарын толтырады, онда өзінің ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлайды.
Университет ғалымдарын ынталандыру үшін Департаментке ПОҚ-ны олардың жоспарлары мен ғылыми мүдделеріне сәйкес үйлестіруге мүмкіндік беретін қабылдау матрицасын және күтілетін нәтижелер матрицасын әзірлеу жоспарлануда.

Жас ғалымдар кеңесі

Университет жанынан ерікті негізде университеттің алқалы кеңесші органы болатын жас ғалымдар кеңесін құру жоспарлануда. Кеңес жастар саясатын қалыптастыратын және жүргізетін, кәсіби саладағы жас ғалымдардың мүдделерін қорғайтын университеттің өкілетті өкілдерінің жастар жиналысы болып табылады. Бұл органның қызметі ПОҚ-ның 35 жасқа дейінгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.

Университеттің даму стратегиясы

Университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру басымдықтардың бірі болып табылады. Осы басымдықтың көрсеткіштері:
  • IEEE, ACM мәртебесі бар халықаралық, республикалық конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, кеңестер мен көрмелерге қатысушылардың саны
  • Ғалымның профилін құру
  • ЖОО, ғылыми орталықтар, инженерлік зертханалар базасында курстар, тағылымдамалар, семинарлар мен тренингтер нысанында шетелде біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлердің саны
  • Ғалымдардың мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен атаулы сыйлықтарды алуға арналған конкурстарға қатысуы
  • Магистратура бойынша қабылдау көрсеткіштері

Осы басымдықты іске асыру үшін мынадай іс-шаралар өткізу жоспарлануда

  • Қазіргі халықаралық және республикалық конференцияларды, симпозиумдарды, семинарларды, кеңестер мен көрмелерді орналастыру және хабардар ету
  • Ғалымның профилін қалыптастыру үшін формалар мен талаптарды дайындау
  • Ғалымдар деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар (конференциялар, ғылыми атақ беруге ұсынымдар)
  • Мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен атаулы сыйлықтарды алуға арналған конкурсқа ғалымдардың қатысуын ұйымдастыру.
  • Шетелдік серіктес университеттер мен зертханаларда зерттеулерді дамыту жөніндегі менеджерлер мен зерттеу персоналының біліктілігін арттыру
  • Қабылдау комиссиясы
  • Халықаралық және республикалық конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, кеңестерге және көрмелерге қатысу
  • Магистрлік, докторлық диссертациялық жұмыстарды дайындау
  • Жетекші ғылыми ұйымдармен жүйелі ғылыми тағылымдамалар және академиялық алмасу
  • ПОҚ, магистранттар мен докторанттарды ҒЗТКЖ-ға тұрақты тарту.